Қоғам

Акробаттар Тараздан жүлдемен оралды

Акробаттар Тараздан жүлдемен оралды


Шығысқазақстандық акробаттар Тараз қаласында жастар арасындағы спорттық акробатика мен батутта секіруден өткен ел чемпионатында үздіктер қатарынан көрінді.

Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған спортшылар бақ сынаған чемпионатта облыс намысын 15 акробат қорғады.

Таразда өткен байрақты бәсекенің қорытындысы бойынша қыздар арасындағы командалық біріншілікте акробатикалық жолда секіруден шығысқазақстандық споршылар В.Смотрикова, А.Вислобокова мен Н.Бухарина барлық жаттығуларды асқан шеберлікпен орындап, үздіктер қатарынан көрінді. Сонымен қатар, аталмыш жарыста батутта секіруден сайысқа түскен К.Голышак, Д.Нұрдыбекова, Н.Бухарина мен Е.Чернышова жалпыкомандалық есепте бірінші орынды жеңіп алып, келешектерінен үлкен үміт күттіретін спортшылар екенін дәлелдеді. Ал ұлдар арасында Д.Рахатов пен И.Грачёв барлық сынақтан сүрінбей өтіп, жеңіс тұғырының жоғары сатысына көтерілді.

Ажар Сағатбекова

Осы айдарда

Back to top button