Қоғам

Ақпараттық топ түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізеді

Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылдар бойынша 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуы жөніндегі іс-шаралар жоспары ауданымызда тиянақты түрде жүзеге асуда.

Діни экстремизмнің алдын алу негізінде Күршім ауданындағы жергілікті атқарушы органдар жанындағы дін мәселелері жөніндегі аудандық, ауылдық ақпараттық-түсіндіру топтарының құрамы бекітілген болатын. Ақпараттық-түсіндіру тобының құрамына ауылдық округ әкімдері, мешіт имамдары, үкіметтік емес ұйымдар, дінтану мұғалімдері, жастар ұйымдары және тұрғындар арасындағы беделді азаматтар, теолог маман, жұмыспен қамту, денсаулық сақтау салаларының өкілдері енгізіліп, белсенді түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Ақпараттық-түсіндіру тобының жұмыс жоспары негізінде  қаңтар-маусым айларында Күршім ауданы бойынша мекеме қызметкерлері, құқық қорғау органдары, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының  өкілдері, ауыл тұрғындары, жастар, кәсіпкерлер мен өзін-өзі қамтығандар, қандастар, жамағаттар, көпбалалы аналар, жоғарғы сынып оқушыларымен 44 кездесу өткізіліп, бұларға 1647 адам қамтылды. Сондай-ақ бекітілген жоспар бойынша 28 маусым мен 1 шілде аралығында құрамында Өскемендегі  «Халифа Алтай» мешітінің бас имамы Ермек қажы Тасболатұлы, дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры Ернар Қыдырмолдаев, дін мәселелерін зерттеу орталығының сараптамалық,  ақпараттық түсіндіру жұмыстары бөлімінің мамандары  Айжан Бекқалиева, Назым Файзрахманова, Күршім ауданының құрметті азаматы, Өскемен қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі Нәбиолда Кемешев бар облыстық екі ақпараттық түсіндіру тобы ауданға жұмыс сапарымен келіп, Күршім, Құйған, Сарыөлең, Абай, Маралды, Қалжыр, Боран, Марқакөл ауылдық округтерінің елді мекендерінде 27 кездесу өткізді. Бұл жиындарға ауыл тұрғындары, жұмыссыз жастар, құқық қорғау органдары, мемлекеттік қызметшілер, дәрігерлер, әскери бөлімнің жеке құрамы, көпбалалы аналар, бюджеттік мекемелер қызметкерлері, имамдар, мешіт жамағаттары қатысып, барлығы 1065 адам қамтылды.

Ақпараттық-түсіндіру тобы діни экстремизмнің, радикалды діни идеологияның және басқа да теріс пиғылды көзқарастардың ықпалына ұшырамаған тұрғындардың, әсіресе жастардың арасында тағатты сана мен патриоттық сезімдерді нығайту, сондай-ақ бұрмаланған діни көзқарастардың қалыптасуының  алдын алу мақсатында семинарлар, дөңгелек үстелдер, кездесулер  және терроризм  профилактикасы бойынша мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен жиындар ұйымдастырып, радикалды діни идеологияның зияны туралы 1378 дана ақпараттық буклеттер таратты.Тұрғындар діни қатынастар саласында консультациялық және тәжірибелік көмек көрсетуге арналған облыстық ақылы сенім телефонымен  қамтамасыз етілген, сенім телефонының жұмыс істейтіні туралы хабарландыру ауданның барлық әлеуметтік желілерінде жарияланды.

Ақпараттық-түсіндіру топтары зорлық-зомбылық экстремизмі актілерінің дайындалып жатқан (жоспарланып жатқан) акциялары туралы ақпаратты арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарына хабарлаған азаматтарды көтермелеу туралы заңнамалық ережелерді түсіндіру бойынша жұмыстарды тұрғындар арасында әр кездесу сайын ұйымдастырып отырады. Жұма күндері мешітке баратын адамдардың әртүрлі санаттары зерттеліп, әрбір ауылдық округ мешітінің имамымен бірлесіп талдау жұмыстары жүргізілуде.

Ақпараттық  топтың атқарған жұмыстарын аудан тұрғындарына жеткізу мақсатында қаңтар-тамыз аралығында аудандық «Рауан-Заря» газетінде  «Имандылық» айдарымен 9 мақала жарық көрді. Сонымен бірге, дін істері басқармасы мен жергілікті атқарушы органдардың қоғамда этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту мен қолдауға бағытталған  3 бейнематериалы  мен 13 посты интернет желісінде жарияланды. Діни экстремизм мен терроризм идеяларын насихаттайтын материалдардың таратылуына, сауда орындарында сатылуына жол бермеу бойынша рейдтік жұмыстар жүргізіліп, үнемі мониторинг жасалып отырады. Елді мекендерде діни экстремизмге қарсы сипаттағы баннерлер 12 ауылдық округтің барлығында  орналастырылған.

Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері  (SММ бөлімі) экстремистік сипаттағы сайттар мен теріс ақпараттық материалдарды анықтау мақсатында әлеуметтік желілерге үнемі мониторинг жүргізіп отырады. Бүгінге дейін теріс пиғылдағы материалдар анықталған жоқ.

Ағымдағы жылы деструктивті діни ұйымдар, олардың жұмыстары жайлы деректер тіркелген жоқ, аудандағы діни ахуал тұрақты.

А.Қасымбаева,

Күршім аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы

Осы айдарда

Back to top button