Қоғам

Ақпан жауын-шашынды болады

Еліміздің оңтүстігі, оңтүстік-шығысы мен шығысында ақпан айы негізінен жылы әрі жауын-шашынды болады деп күтілуде. Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлайды.

Дерекөз мәліметіне сенсек, ағымдағы айда температуралық фон жоғарылап, қатты жаңбыр жауған жағдайда республиканың оңтүстігі, оңтүстік-шығысы мен шығысындағы таулы аймақтарда еріген қар мен жаңбыр суынан ауқымды тасқын болуы ықтимал.

Консультативтік синоптикалық ауа райы болжамына сәйкес, 2023 жылдың ақпан айында ел аумағының басым бөлігінде ауа температурасы нормаға жуық болады. Ал республиканың оңтүстік және шығыс өңірлерінде негізінен жылы және жауын-шашынды ауа райы орнауы мүмкін, – деп хабарлайды «Қазгидромет».

Ал «Қазселденқорғау» мекемесінің облыстық филиалы хабарлағандай, алдағы бірнеше күнде өңірде көшкін қаупі күшейе түспек.

Жауын-шашынға және желдің күшеюіне байланысты таулы аймақтарда қар көшкіні болуы ықтимал, – деп мәлімдейді «Қазселденқорғау» ММ облыстық филиалы.

Осыған орай, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары тұрғындарға жақын күндері тауға сапарға шығудан бас тартуға кеңес беруде.

Сәрсен Қабылым

Осы айдарда

Back to top button