Акция өткізіп, ақша жинап берді
Жанының жылуы сөнбеген, мейірімділік қасиеті бар жандардың арамызда бар болғаны қандай жақсы. Үржар ауылының Абай атындағы орта мектебін өткен жылы ғана бітірген түлектер биыл ауыр дертке ұшыраған сыныптасы үшін қаражат жинады.
Акцияға мектеп ұстаздары, оқушылар мен түлектер жаппай атсалысты. Нұрланбек Оразбаев, Аманжол Жұмағұлов сынды кейбір азаматтар қолдарында барын аямай, үлкен жомарттық жасады.
– Жалпы, біздің мектебіміз мұндай жайттарға селқос қарай алмайтынын айтқым келеді, – дейді осы оқу орнының ұстазы Еркін Қадыров. – Мұның арғы жағында адам тағдыры тұрғандықтан, барынша мейірбандық таныта білгеніміз абзал. Өзіміз ойлағандай, біздің мектеп бұл жолы да «Жан жылуы сөнбесін» атты осынау акцияға белсене атсалысты. Акция соңынан жиылған 108 мың теңгені Гүлдана Байшуақованың карточкасына түгелдей аудардық. Осы бір мейірімділік шарасына қатысқан барша мейірімді жандарға алғыс айтамыз.
Берікхан Тайжігіт
Үржар ауданы.