Экономика

Акционер атануға дайынсыз ба?

Семейде «ҚазТрансОйл» АҚ-ның өкілдігі қала тұрғындарымен «Халықтық IPO» бағдарламасы бойынша кездесті.

Акционер атануға дайынсыз ба?Аталмыш бағдарламаның алғашқы сатысы қарашаның 6-сынан басталған. Сатылымға «ҚазТрансОйл» ұлттық компаниясының акциялары шығарылыпты.

– Акцияның әрбірінің құны халыққа қолжетімді болу үшін қолдағы акцияларды 1:10 тәсілімен бөлшектедік. Сондай-ақ, компанияның дамуының әртүрлі жағдайына байланысты қор биржасындағы мәліметтерді халыққа кеңінен түсіндірудеміз, – деді «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының орынбасары Болат Зәкіров.

Кездесуде, сондай-ақ, компанияның дивиденттік саясаты да түсіндірілді.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button