Қоғам

Ажар Асхат – Азия чемпионы

Берікхан Тайжігіт

Үржар ауданының балуандары боз кілемде халықаралық, әлемдік сайыстарда топ жарып, еліміздің көк туын аспандатып келе жатқаны шындық. Сондай жақсы жаңалық Тайланд мемлекетінен жетті.

Дзюдодан жасөспірімдер арасында Бангкок қаласында өткен Азия чемпионатында жерлесіміз, Мақаншы ауылының тумасы Ажар Асхат  I орынды жеңіп алып, «Алтын медальға» ие болды. Азия құрлығының бас жүлдесін иеленген Ажардың бұл алғашқы жеңісі емес, ол осыған дейін де әлемдік додаларда топ жарып келе жатқан балуан.

Жалпы, Үржар ауданындағы Мақаншы ауылы балуандарының бәсі дүниежүзілік сайыстарда үнемі биік болып келеді, өйткені бұл жерде жауырыны жер иіскемеген балуандар жетерлік. Ажар да сондай талантты жастардың бірі. Барша жерлестері Ажар Асхатты осынау жеңісімен құттықтап жатыр.

Үржар ауданы.

Осы айдарда

Back to top button