Қоғам

Африканың арыстандары Өскеменде қайдан жүр?

Африканың арыстандары Өскеменде қайдан жүр?

Облыс орталығындағы Сәтбаев даңғылының бойында теледидардан жиі көретін арыстандар алаңсыз қыдырып жүр.
Ит емес, кәдімгі арыстандарды жетектеген екі жігіт көшеде жүр. Ақ арыстандар аяқтарын алшаң басып серуендеген кейіпте кетіп барады. Бұлар қайдан келген дейсіз ғой?
Өскеменге ресейлік Демидовтардың шапито циркі келіп жатқан болатын. Суреттегі аң патшалары осы өнер ұжымның төрт аяқты әртістері болып шықты.
-Біздің хайуандарымыз қолға үйретілген, мұндай серуендер қала тұрғындары үшін қауіпті емес. Бұлар сегіз айлық бала арыстандар, үлкендерін тордан шығармаймыз,-дейді цирк басшылығы.

Дарын Нұрсапаров

Осы айдарда

Back to top button