Қоғам

Әйелдерге арналған вагондар көбейеді

Балауса ҚОЖАЕВА

«Қазақстан темір жолы» АҚ мамандары былтырдан бастап әйелдерге арналған вагондар іске қосылатынын мәлімдеген болатын. Мұндағы басты мақсат жолаушылардың қауіпсіздігі мен тұтынушылар жағдайын жақсарту.

Мамандар биыл әйелдерге арналған вагондардың саны артатынын хабарлады. Өйткені сұраныс артқан. Шешім 2022 жылдың 1 ақпанынан бастап жүзеге аспақ. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі ресми парақшаларында жария етті.

Жоба пилоттық режимде 1) № 45/46 «Павлодар-Шымкент», №85/86 «Нұр-Сұлтан-1-Шымкент», № 37/38 «Маңғыстау-Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол-Семей», № 47/48 «Нұр-Сұлтан – Нұрлы жол-Атырау», № 379/380 «Алматы-2-Орал»; № 73/74 «Алматы-2-Жезқазған» бағыттары бойынша жүретін жолаушылар пойызында жүзеге асырылады.

Вагонға отыратын аналар өздерімен бірге 7 жасқа дейінгі ұлдарын ертіп алуға рұқсат етілген.

«Жоба іске қосылған сәттен бастап, 2021 жылғы 10 қазан мен 31 желтоқсан аралығында аталмыш қызметті 13243 әйел пайдаланған», –  делінген хабарламада.

 

 

Осы айдарда

Back to top button