Қоғам
Әйелдерді еркектерден көп дейді…

«Әйелдерді еркектерден көп дейді,
Ойбай, ойбай, бола берсін көп, мейлі!», – деген өлең еріксіз ойға оралып отыр. Неге десеңіз, мына бір роликке қараңыз;
(ашық дереккөздерден)
Бүгін көлік тізгіндеп жүргендер үшін ауыр күн болған сияқты. Әлеуметтік желіні ашып қалсаңыз қарға батқан көліктерден басқа түк таппайсыз. Дегенмен осындайда өскемендіктердің бір-біріне жанашырлық танытып жатқаны қуантады.
Мәселен роликтегі трамвай мен жеңіл көлікке қараңыз.
– Жігіттер бағалап жіберсеңдер, бірде-бір көлік тоқтамап еді, трамвайды тізгіндеп отырған әйел тоқтап, сүйреп жатыр, – дейді бейнежазба авторы.
Әлеуметтік желі қолданушылары болса, «Керемет», «Жарады», «Мұндайды бірінші рет көріп тұрмын» деген түрлі пікір жазып жатыр.
Балауса Қожаева