Қоғам

Әскерилердің балалары доп ойнады

      Жақында Аягөз қаласында әскери қызметшілердің балалары арасында мини-футболдан сайыс өтіп, оған 14 команда қатысты. Әскери қалашықта өтіп отырған аяқдоп сайысы тартысты болды.

Ойын қорытындысы бойынша мотоатқыштар батальоны әскери қызметшілерінің балалары барлығын жеңіп, мерейлері үстем болды. ІІ орынға инженерлік-саперлар батальоны әскери қызметшілерінің балалары шықты да, танкистер құрамасының перзенттері ІІІ орынды місе тұтты. Асылбек Тұрысбеков «Үздік шабуылшы», Асан Берікұлы «Үздік қақпашы», Нұрахмет Тілеухан «Үздік қорғаушы» аталымдарына ие болды. Жүлделі орындарды жеңіп алған командалар мен үздік футболшылар  Алғыс хаттар мен мақтау қағаздарына ие болды.

Бұл күні әскери қалашықта шын мәнісінде футбол тойы болды.

Берікхан Тайжігіт, Аягөз ауданы. 

Осы айдарда

Back to top button