Қоғам

Әскери оркестрлер байқауы

Өскеменде Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының жүлдесіне арналған «Әскери керней» атты әскери оркестрлердің іріктеу байқауы өтті.

Аймақтық байқауға Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының үздік әскери оркестрлері қатысты.​ Дәлірек айтсақ, олар: Өскемендегі 5518, Семейдегі 5511 және Павлодардағы 5512 әскери бөлімдерінің оркестрлері.

– Байқау бағдарламасы екі кезеңнен құралды. Бірінші кезең – плац-концертте оркестрлер саптық дайындықтағы шеберліктерін ортаға салса, екінші кезең, яғни концерттік бағдарламада музыкалық таланттарын паш етті, – дейді 5518 әскери бөліміне қарасты әскери оркестрінің дирижері, майор Максим Наговицын.

Айта кетейік, «Әскери керней» фестивалі осымен 11 рет өткізілуде. Осы аралықта байқауға отандық қана емес, Қытай, Ресей сияқты елдерден келген шетелдік ұжымдар да қатысқан.

Бұл күні шаһардағы этносаябақ алаңында қала тұрғындары мен қонақтарына арналған әскери оркестрлердің плац-концерті де ұйымдастырылды. Кеш барысында әскери әуендермен қатар, классикалық, халықтық және эстрадалық композициялар да орындалды.

Еске салайық, екі кезеңнен тұратын «Әскери керней» байқауының финалы елордада өтпек.

Елдос Бейбітұлы, студент

Өскемен.

Осы айдарда

Back to top button