Әскери бөлімдерде жаттығулар басталды
Берікхан Тайжігіт
Аягөз гарнизонының баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл күндері гарнизонның әскери бөлімдерінде бақылау тексерісі жаңа форматта өтіп жатыр екен.
Белгілі болғандай, барлық құрама мен бөлімдерде бақылау тексерісі басталыпты. Ал, Майлин оқу-жаттығу полигонында әскерлердің тактикалық жаттығулары өтіп жатқан көрінеді. Онда сарбаздар алдымен тұрақты орналасу пункттерінен тактикалық жаттығулар мен оқ атулар жүргізілетін оқу-жаттығу полигондарына марш жасады.
– Пішіні өзгерген бақылау тексерісі барлық бөлімнің жауынгерлік қабілеті мен әрбір әскери қызметшінің жеке даярлық деңгейін жан-жақты бағалауға мүмкіндік береді. Сол арқылы бөлімшелер мен басқару органдарының оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындаудағы нақты дайындық деңгейі анықталады, – дейді Аягөз гарнизонының бастығы, подполковник Дәулет Сүттібаев.