Қоғам

Әрине, құлақ жемейді

      Топтеректің тумасы, сөзі мірдің оғындай әзілқой ағамыз Әзімжан Мықтыбаевты білетіндер көп. Ол кісінің әр кездерде айтқан ұтқыр сөз, өткір қалжыңдарын бұрын да талай жариялағанбыз.

Бүгінде Өскемен қаласында тұрып жатқан Әзекең бір отырыста төрден орын алып, бас кесіп отырады. Бір құлақты кесіп алған ол: «Мә, мынаны сен  же», –  деп еріп келген немересіне ұсыныпты. Анау құлақты алып, тауысып жеп қояды. Сол кезде сәл төменірек отырған, ағамызбен әзілдесе беретін бір замандасы:

–  Ой, Алла, немерең құлақ жейді екен ғой. Біздің немереміз түгіл ересек баламыз құлақты аузына салмайды, –  депті. Сонда Әзекең жұлып алғандай:

–  Әрине, аузына салмайды. Ол қайдан құлақ жеп үйренеді, сенің ұрқыңда төрге шығып, бас кескен адам болған емес, –  деген екен.

Осы айдарда

Back to top button