Қоғам

Әрбір арыз-шағым бойынша шара қабылданады

Жуырда облыс әкімдігіне прокуратура, полиция, сот органдары мен сот орындаушыларының жұмысына шағымданған он шақты адам келіп, арыздарын жеткізді.

Атап өтерлігі, Тарасовтар отбасымен аймақ басшысы 25 рет кездескен. Келгендердің көпшілігі де облыс әкімінің жеке қабылдауында болған.

Облыс әкімі Даниал Ахметов әр арыз иесін жеке-жеке тыңдады. Айта кетейік, Замира Тотанова мен Айгүл Баянбаева бұған дейін партия филиалында өткен облыс әкімінің жеке қабылдауында болған, нәтижесінде аймақ басшысының тапсырмасы бойынша Риддер қаласы білім бөлімі басшысының әрекеттерінің заңдылығын зерделеу үшін комиссия құрылды. Алайда олар тексерудің әділдігіне күмәнданады, сондықтан бұл істі облыс прокурорының жаңа бірінші орынбасары қажетті мамандарды тарта отырып қарап, барлық құжаттарды егжей-тегжейлі зерттейді. Заңды негізделген қорытындыдан кейін тиісті шаралар қабылданатын болады.

Облыс прокурорының екінші орынбасары мүлік мәселесімен келген Жанна Мұстапқызымен жеке жұмыс істейтін болады. Себебі, кәсіби мамандар зерделеп, жауап беруі керек.

– Арайлым Болтабаеваның жалғыз қызы 2018 жылы «Нұртау» тау шаңғысы базасында қайтыс болған. Сот отырысы өткен, шешімі шығарылды. Алайда ананың айтып отырған уәжімен келісемін. Бұдан бұрын қабылдауымда болғаннан кейін, министрлікке өз атымнан тау шаңғысы базаларында ешкім лицензия алмайды, салдарынан адамдар жарақаттанып, қаза табуда, бірақ ешкімді жауапқа тарта алмаймыз деген мәселені көтере хат жолдаған болатынмын. Осы ретте Арайлым Төлепбергенқызы тағы да облыстық полиция департаментіне арыз жазады, олар өз кезегінде істі қайта көтереді, – деп түсіндірді аймақ басшысы.

Келесі күні Тарасовтар отбасы – Владимир Григорьевич және Валентина Федоровнамен аймақ басшысы облыс прокуроры Құсайын Игембаев, полиция департаментінің бастығы Сағат Мәдиев, облыс бойынша ҰҚК департаменті бастығының бірінші орынбасары Жанат Нұрбаевтың қатысуымен тағы кездесті. Бүгінде ІІМ тергеу-жедел тобы Тарасовтардың ұлдарының өліміне қатысты қылмыстық істі тоқтатып отыр. Тараптар өзара бір-бірін тыңдап, түсініктемелер берілді. Алдағы күндері облыс әкімі бұл отбасыны кезекті рет қабылдап, келесі іс-қимыл барысын талқылайтын болады.

 

Didar ақпарат

Осы айдарда

Back to top button