Қоғам

Әли шаршы алаңға шығады

Қазақстандық боксшы Әли Ахмедов (18-1, 14 КО) 17 қыркүйекте Лас-Вегаста Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы үшінші жекпе-жектің андеркардында өнер көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

27 жастағы Ахмедов орта салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жекте Геннадий Головкиннің қарсыласы болған америкалық Габриэль Росадомен (26-15-1, 15 КО) Солтүстік Американың WBA және IBО нұсқасы бойынша супер орта салмақтағы титулға таласады.

Естеріңізге сала кетсек, 2013 жылдың қаңтарында өткен жекпе-жекте Головкин Росадоны жетінші раундта техникалық нокаутпен жеңген болатын.

Осы айдарда

Back to top button