Қоғам

Әлеуметтік нысандар мерзімінде салынуы тиіс

Аудан әкімдері мердігерлермен жұмысты ширатып, әр құрылыс нысаны бойынша қаржының игерілу кестесін жасауы тиіс. Бұл тапсырманы ауылдарда әлеуметтік-мәдени нысандар салу мәселесі талқыланған кеңесте аймақ басшысы Даниал Ахметов жүктеді.

Қазір Күршім ауданының Топқайың ауылында клуб, амбулатория, Қалжыр ауылында спорт модулі салынып жатыр. Сондай-ақ Бозанбайда, Таврияда, Айыртауда, Марқакөлде денешынықтыру-сауықтыру кешенінің, Үлкен Нарында бассейннің құрылысы жүруде.

– Бұл объектілер биыл тапсырылуы тиіс. Сондықтан құрылыс басқармасына әр нысанға барып, жұмыстың сметасын, кестесін, шартын тексеруді тапсырамын. Мерзімнен кешігуге, талаптарды бұзуға болмайды, – деп ескертті облыс әкімі.

 Ержан Кеңесұлы

Осы айдарда

Back to top button