Қоғам

Әлемдегі титанның төрттен бірін өндіреміз

Өскемендегі  титан-магний комбинаты әлемдегі титанның төрттен бірін өндіреді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімі Даниал Ахметов мәлім етті.

– ТМК әлемнің жетекші комбинаттарымен бәсекелесе алады. Ол өнімдерінің 60 пайызын еуропалық Airbus концерніне жөнелтіп отыр, – деді Даниал Ахметов. – Бүгінде титан-магний комбинатының өнімдерін сатып алу үшін әлемнің көптеген компаниялары таласуда.

Аймақ  басшысы әлемде не бары 3 бериллий және 5 тантал зауыты барын, соның бірі біздің ТМК екенін атап өтті.

– Өңіріміздің индустриялық әлеуеті мол, бұл бізге «елдің индустриялық орталығы» атануымызға мүмкіндік беріп отыр, – деді Даниал Ахметов.

Ержан Кеңесұлы

Осы айдарда

Back to top button