Қоғам

Әлемдегі ең бақытты ел қайда?

Балауса Қожаева

Бір уақыт бақыт жайлы айтайықшы. Қалай ойлайсыз, біз бақытты халықтар тізімінде бармыз ба?

Жыл сайын әлемде не түрлі сараптамалар жүргізіледі: «Ең арзан жанармай қай елде?», «Ең қымбат тұрғын үй қайда?» дегендей. Ал бұл жолы тіптен бөлек, зерттеушілер бақытты елді іздеді.

Статистикаға жүгінсек, бақытты 149 елдің ішінде биыл Қазақстан 45-ші орында тұр екен. Бұл былтырғымен салыстырғанда әлдеқайда жақсы көрсеткіш. Өйткені осыған дейін біз 50-ші орында болғанбыз. Сонда ең бақытты халық тұратын қай мемлекет?

Сарапшылар ең бақытты мемлекет деп Финляндияны атаған. Ары қарай Дания, Швейцария және басқалары. Рейтингті Ауғанстан түйіндеген. Тізімді қалай анықтады деген сұраққа көшсек.

Рейтинг мемлекеттегі халықтың әлеуметтік жағдайына, қорғаныс деңгейіне, азаматтық еркіндік, тұрақтылық, жемқорлық және басқа да шарттар бойынша анықталған.

Респонденттер қатарында 15-17 жастағы жеткіншектердің 75,5%-ы бақыттымыз десе,  18-28 жас аралығындағылардың 75,1%-ы,  29 дан 38 жасқа дейінгілердің 71,4%-ы,  39-48 жастағылардың 65,5%-ы, 49 жастан жоғарылардың 64,3%-ы, зейнеткерлердің  61,9%-ы бақыттымыз деген екен. Осы тұста жас ұлғайған сайын бақыттымыз дегендердің сирей түскенін байқауға болады.

Ал сіз бақыттысыз ба?

Осы айдарда

Back to top button