ТОП

Әкімдік қызметкерлері мен дәрігерлер жарысты

Балауса ҚОЖАЕВА

Әкімдік қызметкерлері мен дәрігерлер жарысты. «Бұл қалай, не үшін?» деген сұрақтар маза бермей тұрған болар. Оның өз себебі бар.

4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні. Осыған орай облыс көлемінде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Әр ауданда ән байқаулары, спорттық сайыстар өтті. Соның бірі Жарма ауданындағы «Ел рәміздері – ел рухы» атты эстафеталық сайыс. Аталмыш шараға аудандағы дәрігер, өрт сөндіруші, тіл мамандары, әкімдік қызметкерлері қатысты. Жастарға ерекше көңіл-күй сыйлаған спорттық шараны аудандық Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған. Эстафетаға барлығы алты команда қатысты.  Олар  алты түрлі сынақтан өтті.  Маусымның жайдары күндерінің бірінде өткен эстафета қорытындысы бойынша 1-орынды мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, 2-орынды №32 өрт сөндіру бөлімінің мамандары, 3-орынды Қалбатау әкімінің аппараты мен аудандық аурухананың қызметкерлері иеленді. Жеңімпаздар диплом, кубоктармен және де бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

Осы айдарда

Back to top button