ТОП

Әкімдер рейтингінде Даниал Ахметов көш бастады

Жуырда қаңтар айы бойынша облыс әкімдерінің рейтингісі шығарылды. Республикалық «Toppress.kz» сайтының мәліметтеріне сүйенсек, ең белсенді жұмыс атқарған өңір басшыларының көш басында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов тұр.

«Даниал Ахметов 10 қаңтардағы сайлауды ойдағыдай өткізді, өңір тұрғындары саяси науқанға асқан белсенділікпен қатысты. Осы ретте аймақ басшысы халықты тұрақты ақпараттандыруды қамтамасыз ете алды.

Даниал Ахметов бірқатар аудандар мен Семей қаласының әкімдерін, сондай-ақ облыс әкімдігінің аппаратын алмастырып, ауқымды кадрлық өзгерістер жүргізді.

Әкім бірінші кезектегі міндет өңірдегі әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету деп санайды, ол үшін облыста 11 мыңнан астам көпбалалы отбасына атаулы әлеуметтік көмек беру мәселесі шешілді. Облыс тұрғындары өздерінің бизнес-жоспарларын дамыту үшін мақсатты гранттар алуда, бүгінге дейін барлығы 1875 грант бөлінді, оның 875-ін көпбалалы аналар алды.

Облыста жаңа өндіріс орындарын құру және экономиканы әртараптандыру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің 256 жобасы іске асуда, бұл бойынша өңір – көшбасшылардың бірі.

Инфрақұрылымдық жобалар саласында Өскеменде Октябрь су тартқышын қайта құру аяқталды, облыс орталығын ауызсумен және электрмен қамтамасыз ету мәселелері шешілуде. Өңірде Қалбатау – Таскескен автожолы, Алакөл курорттық аймағында жаңа нысандар қарқынды салынуда» деп хабарлайды ақпараттық портал.

DIDAR-ақпарат

Осы айдарда

Back to top button