Экономика

«Adil» қарызын қайтарды

«Adil» қарызын қайтарды
Өскемен қаласында орналасқан «Adil» АҚ арақ-шарап зауыты жалақы бойынша қарызын қайтарды.
Облыс аумағында жүріп жатқан «Жалақы – уақытында» жобасын жүзеге асыру аясында облыс прокуратурасы өткен жылдың қараша айында Өскемендегі кәсіпорындардың бірі өз жұмысшыларына 41 млн. теңге қарыз екенін анықтаған. Тексеру қорытындысы бойынша прокуратура уәкілетті органға заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсыныс енгізген. Нәтижесінде жалақы бойынша берешек 28 млн. теңгеге дейін азайған.
Жіберілген бұзушылық үшін «Adil» АҚ әкімшілік жауапкершілікке тартылып, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 87-бабы, 2-бөлімі бойынша 318 150 теңге айыппұл салынған.
Қалған қарызды кәсіпорын басшылығы кәсіпорын мүлкін сату (25 млн. теңгеге тақау) және дебиторлық қарыздарды жинау (22 млн. теңгеге жуық) есебінен қайтаруға міндеттелген.
Аталмыш факті бойынша жағдай облыс прокуратурасының тұрақты бақылауында болып келген болатын. Қабылданған шаралар нәтижесінде наурыз айында жалақы бойынша қарыздар түгелдей қайтарылып, 197 жұмыскердің конституциялық құқығы қалпына келтірілді.

Дәурен АЛЛАБЕРГЕНҰЛЫ

Осы айдарда

Back to top button