Қоғам

Адамдар вирустың қауіптілігін сезінбей отыр

Семейде коронавирус індетін жұқтыру фактілері жиілеп барады. Соған орай, қала әкімі Ермак Сәлімов үндеу жолдап, жағдай тұрақтанғанша шектеу шаралары әлсіремейтінін атап өтті.

–  Соңғы 4 күн ішінде 21 оқиға зертханалық расталды. Олардың ішінде алты бала бар. Аурудың жалпы саны – 41 жағдай, байланыста болған 1596 адам бар 50 ошақ анықталды. Оның 420-сы жақын байланыста болды, бұл жұқтырудың жаңа өршу фактілерін жоққа шығармайды. Өкінішке қарай, тұрақты түрдегі түсіндірулер мен ескертулерге қарамастан, адамдар вирустың қауіптілігін толық сезінбей отыр. Жұқтыру деректері отбасыларымен түгелдей болған күннің өзінде бұл қала тұрғындарына сабақ болар емес. Жасырын отбасылық іс-шаралар, мереке-тойлар өткізіліп, жаяу серуендеулер жүргізіледі, сөйтіп үй карантині режимі бұзылады. Балалар болса топталып, аулаларда ойнайды. Сауда және қызмет көрсету саласындағы нысандар санитарлық қауіпсіздіктің қарапайым ережелерін сақтамай отыр. Мұның бәрі, өкінішке қарай, КВИ ауруының тағы да таралуының жаңа жағдайларына алып келуі мүмкін, – деп атап өтті Instagram-дағы үндеуінде Ермак Сәлімов.

“Didar” ақпарат

Осы айдарда

Back to top button