Қоғам

Адалдық – ардың ісі

 Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал бол!» форумы өтті. Форумның жастардың бойында коррупцияға қарсы иммунитетті қалыптастырып,  адалдықты насихаттау идеясы Абай атамыздың айтып кеткен  «Адам бол!» деген өсиетінің шеңберіне әбден сыйып тұр. Хәкім Абай жас ұрпақты адам деген атына дақ түсірмей,  ар тазалығын сақтауға үндеген-ді.

Аталмыш жоғары оқу орны,  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті және «NurOtan» партиясы облыстық филиалының бірлесе ұйымдастыруымен өткен іс-шара барысында салтанатты жағдайда «Сенім жәшігі» ашылды.

Университетте өткен жылы ашылған «Саналы ұрпақ» фронт-кеңсесінің жұмысын таныстыру барысында қонақтарға әсіресе, «Таза қолдар» мүсінінің жобасы ерекше әсер етті.

-Бұл мүсінді жасау идеясы жазғы көшбасшылық, волонтерлық және адалдық мектебінде оқып жүрген кезде туды. Мүсін қолдарыңа дақ түсірмеуді, адалдық пен шыншылдықты, абыройды бейнелейді. Біз мүсінді №1 оқу корпусының жанына орналастыруды қалаймыз, – дейді «Саналы ұрпақ» клубының мүшесі, құқықтану мамандығының 4 курс студенті Шынар Бауыржанова.

Фронт-кеңсеніңжетекшісі, заңғылымының кандидаты Гүлмира Байыркенованың айтуынша,  фронт-кеңсеге «Саналыұрпақ» клубы, антикоррупциялық технологиялар зертханасы, адалдық мектебі, адалдық дүкені, адалдық кітапханасы енеді. Сатушысы мен кітапханашысы жоқ нысандардың қызметін пайдалану студенттердің бойында шыншылдық,  ар тазалығы сияқты қасиеттерді қалыптастыратыны сөзсіз.Кеңсе студенттік  клиникасымен, медиаторлар мектебімен, университеттің психофизиологиялық зертханасымен тығыз байланыста жұмыс істейді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заманауи технологиялар қатарында полиграф немесе өтірік детекторы құралы бар. Студенттер мен оқытушылар осы құралмен өздерін тексеріп тұруына болады. Бұл әсіресе келешегін мемлекеттік қызметпен байланыстырғысы келетін жастар үшін таптырмайтын сынақ.

-Мемлекеттік қызметшілер, оның ішінде біздің қызметтің мамандары бұл құралдың тексеруінен өтіп тұрады. Жұмысқа қабылдарда, қызмет баспалдағымен жоғары көтерілгенде де міндетті түрде қолданылады. Өйткені мемлекеттік аппарат қызметінде, оның ішінде коррупцияға қарсы қызметте тек адал, ары таза азаматтар жұмыс істеуі тиіс, – деген пікірін жеткізді  облыс бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Ерлан Жалмағамбет.

-Форумға университеттің мақсаты бір ең беделді, дарынды жастары қатысып отыр. Біз сіздерге үміт артамыз, сіздер еліміздің адамгершілігі иол, адал азаматтары болады деп кәміл сенеміз! – деді құттықтау сөзінде Сәрсен Аманжоловатындағы ШҚМУ ректоры МұхтарТөлеген.

Облыс бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Ерлан Жалмағамбет  қоғамның қатерлі дертіне айналған сыбайлас жемқорлықтың салдарымен күрескеннен оның алдын алу шараларына, коррупциямен ымыраға келмейтін саналы, арлы ұрпақ тәрбиелеуге баса көңіл бөлген оңды екенін баса айтты. Осы тұрғыдан алғанда бүгінгі форумның салмағы, жастар өміріндегі маңызы бар екені даусыз.

ШҚМУ-ға тәжірибе алмасу мақсатында келген американдық профессор Эрик Фридман сыбайлас жемқорлық фактілері америкалықтардың өмірінде де кездесетінін айтып,  жоғары билік эшалонында ұсталған лауазымды тұлғалар туралы мысалдарымен бөлісті. Шетелдік ғалым да парақорлық, жемқорлық сияқты кеселдерге тек бірлесе күресу арқылы төтеп беруге болатынын айтты. Жиында «Авангард» студенттік театрының  жетекшісі Никита Дерябин, «Саналы ұрпақ» клубының мүшесі Темірлан Қамбаров және басқа да  жалынды жастар өз істері мен жобалары туралы айтып, бейнероликтер көрсетілді, өнерлі жастар өлең оқып, ән де шырқалды. Форум соңы патриоттық әнмен, желбіреген тулармен және жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Мәрлен Әубәкіров пен студенттердің «Адал бол! Адам бол!» жалынды ұранымен аяқталды.

Осы айдарда

Back to top button