Қоғам
Ақберен жүріп келеді, Шымкентский жолменен
Достық шарж
Ақын Ақберен Елгезекке
«Ұлт» иесі Ақберен,
Таңдайында тәтті өлең.
Алты алашқа танылды,
Ақын дейтін атпенен.
Прозаға да бет бұрды,
«Болмаған бала шақпенен».
Кезі осы өрлеген,
Портфель ұстап терлеген..
Әкімдікке бет бұрды,
Жол тауып кенет, көлденең.
Динадайын жар тапты,
Өмір дейтін көрмеден.
Бүкпесіз ойын айтатын,
Басасау қыз ол деген.
Шемен ақынмен мұңдасып,
Шенеунікке ырық бермеген.
Екі бағытқа жол шығат,
Бір төсек, бір бөлмеден.
Тек осы үйде ғана әлемде,
Демократия өлмеген.
«Өгіз бен арба» дін аман,
Айдаушысы төрлеген.
Ақберен жүріп келеді,
Шымкентский жолменен.
Әзілін жазған – Мұратхан Кенжеханұлы
Суретін салған – Мерей Қайнаров