Қоғам

Абайлық балуан «Жас Барыс» атанды

Абайлық балуан «Жас Барыс» атанды

Павлодарда қазақ күресінен өткізілген республикалық «Жас барыс» турнирінде облыс намысын қорғаған Абай ауданының балуаны Қуан Қуатұлы Қазақстанның «Жас Барысы» атағын жеңіп алды.
Сөйтіп, талантты жас 2013-2014 жылдағы «Қазақстан барысы» турнирлерінің жеңімпаздары Айбек Нұғымаров пен Мұхит Тұрсыновтай ағалырының жеңісті жолын жалғастырды.
Қуан қазақ күресінің қыр-сырын әкесі Қуат Қалиевтан үйренген. Оның әкесі аталған спорт түрінің шебері, республикалық және облыстық турнирлердің бірнеше мәрте жеңімпазы атанған.
Айта кетуіміз керек, айналдырған екі-үш жылдың ішінде Абай ауданынан үш бірдей «Барыс» шығып отыр. Бұл – әрине, мақтанарлық нәтиже.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button