Қауіпсіздік

«Абайлаңыз, балалар!» шарасы басталды

Облыста «Абайлаңыз, балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды. Шара жол-көлік оқиғаларының алдын алу, көшелер мен жолдарда балалардың қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру мақсатында өткізіледі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, полицейлер жол қозғалысының жас инспекторларымен бірлесіп “Жаз-2023: “Біз қауіпсіз өмір үшін!” акциясын ұйымдастырған. Өскемен қаласының саябақтарына келушілер үшін демалыс күндері үгіт-насихат жұмыстары жандандырылды. Тәртіп сақшылары ата-аналар мен балаларға парақшалар мен буклеттер табыс етті.

ШҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Талғат Нұриевтың айтуы бойынша, ағымдағы жылдың 15-30 мамыр аралығында полиция қызметкерлері жұртшылықтың, білім беру органдары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінің қатысуымен құқықтық білім күндерін, автошерулерді, акцияларды және басқа да іс-шараларды ұйымдастырады.

-2023 жылдың төрт айында облыста кәмелетке толмаған балалар мен жасөспірімдер зардап шеккен 21 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Онда бір бала қаза тауып, 23 бала жарақат алды. Жол апаттары көбіне жүргізушілердің кінәсінан орын алған. Сол себепті жолаушы балаларды автомобиль көлігімен тасымалдаған кезде қауіпсіздік ережелерін сақтау мәселелері бойынша үгіт-насихат жұмыстарына ерекше назар аударылады, – деді облыстық полиция департаментінде.

Кәмал Естай

Осы айдарда

Back to top button