Қоғам

Абайлаңыз, кене!

Биыл Шығыс Қазақстанда кене шағу фактісімен 2 388 адам медициналық көмекке жүгінген. Оның 30 пайызын 14 жасқа дейінгі балалар құрап отыр. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда облыста кене шағу деректерінің біршама азайғаны (былтыр 2 498 жағдай) байқалады.

Белгілі болғандай, ағымдағы жылы облыс аумағында кене энцефалитінің екі расталған жағдайы тіркелген. Оның екеуі де Өскемен қаласында. Науқастар кене шаққаннан кейін дер кезінде медициналық көмекке жүгінбегендіктен, оларға профилактикалық мақсатта иммуноглобулин препараты егілмеген. Қазіргі уақытта науқастар арнайы ем қабылдауда.

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен хабарлағандай, қазір эндемиялық аймақтардың медициналық ұйымдарында кене шағудан зардап шеккен адамдарға көмек көрсету үшін қолданылатын иммуноглобулин препаратының жеткілікті мөлшердегі қоры бар екен.

Осы ретте, мамандар кене энцефалитінің алдын алу тек адамның өзіне байланысты екенін еске салып, табиғат аясында барынша сақтық шараларын сақтауға шақырады.

Сәрсен Қабылым

Осы айдарда

Back to top button