Руханият

Абайды оқып, ой түйді

Абайды оқып, ой түйді


Президент жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының облыстық филиалы мемлекеттік қызметшілер арасындағы «Абайды оқып, ой түйдім» жоба-эстафетасын аяқтады.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қолға алынған жоба сәуір айында басталып, 50 жұмыс күніне жоспарланған болатын. Басты мақсаты – Абайдың қара сөздерін насихаттау болған іс-шара мемлекеттік қызметшілердің ұлттық санасының кемелденуі мен жаңғыруына ықпал ету, білімі мен зияткерлігін, парасаттылығы мен көшбасшылық қасиеттерін дамыту, кәсіби құзыреттіліктерін арттыруға бағытталды.

Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мерекесі қарсаңында қара сөз оқу эстафетасы аяқталып, қорытындысы шығарылды. Қара сөз оқу эстафетасына 21-ден 64 жас аралығындағы Өскемен, Семей, Курчатов қалалары мен 10 аудандағы мемлекеттік органдардан 32 мемлекеттік қызметші қатысты. Кеште Абайдың әндері шырқалып, қара сөздері оқылды. Жүлделер тағайындалып, жеңімпаздар марапатталды.

Қазылардың шешімі бойынша жүлделі бірінші орынды Глубокое аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Мейрамғали Дарменқұлов иеленсе, облыстық Ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Еркебұлан Балтабеков, Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы Гүлназ Байқадамова мен Алтай ауданы әкімдігінің құжаттық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Меруерт Советбекова екінші орынды өзара бөлісті.

Ал Күршім аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің, облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың, Семей қаласының жер қатынастары бөлімінің өкілдері үшінші орынды қанағат тұтты.

Азамат Темірбеков

Осы айдарда

Back to top button