Руханият

«Абай жолы» аудармаларының әдеби бенефисі

«Абай жолы» аудармаларының әдеби бенефисі


А.Пушкин атындағы облыстық кітапханада Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романы аудармаларының әдеби бенефисі өтті. Қазақ әдебиетінің шоқтығы биік шығармасының бірі, XIX ғасырдағы қазақ өмірінің энциклопедиясы – «Абай жолы» қазақ, орыс, ағылшын, неміс, француз, қытай, венгр, моңғол тілдерінде сөйледі.

«Абай жолы» аудармаларының әдеби бенефисі

Іс-шараға филологтар, мұғалімдер, студенттер мен мектеп оқушылары, сондай-ақ өңірдің зиялы қауым өкілдері қатысты. Әдеби басқосуда ұлы ақынның өлеңдері қазақ, орыс, ағылшын, француз, қытай, неміс тілдерінде ұсынылды. Кітапхананың виртуалды оқырмандарынан – Цюрих, Рига, Стамбул қалаларынан бейнежазба арқылы келген ақын өлеңдері де көрерменге ұсынылды.

– Мұхтар Әуезов өзінің төрт томдық «Абай жолы» арқылы бүкіл дүние жүзіне қазақ дегеннің кім екенін танытты. Дәлірек айтқанда, қазақ халқының ұлылығын, оның өткен өмірін, тарихын, тарихының түбірлі кезеңдерін, қазақ мінезі қалыптасқан трагикалық һәм шығармашылық дәуірлерді ғажайып көркемдік күшпен жарқыратып, ашып, жан-жақты айқындап, терең түсіндіріп берді, – деді «Халифа Алтай» орталық мешітінің бас имамы Ермек қажы Мұқатай.

«Абай жолы» – қазақтың көрке

м прозасын классикалық деңгейге көтеріп, әлем әдебиетіне көркемдік қуат әкелген үздік туынды. Әуезов өзінің роман-эпопеясында қазақ халқын, оның ұлттық дәстүрін барлық қырынан энциклопедиялық деңгейде жан-жақты ашып көрсетті. Роман-эпопея 1971 жылы «Әлем әдебиеті кітапханасына» кірген.

– Кітапханамыз 2014 жылдан бастап «Біздің Абай» (http://abai.pushkinlibrary.kz) электрондық кітапханасын жасауды қолға алған. Бұл электрондық кітапханада Абайдың раритеттен бастап заманауи басылымдарға дейінгі мұрасын толық қамтуға тырыстық. Электронды форматтағы абайтануға байланысты әдебиеттерді 27 тілде және Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романын әлемнің 10 тілінде оқи аласыздар, –- деді кітапханашы Меруерт Кемешева.

Алғаш рет 1942 жылы жарық көрген Әуезовтің романы аударма арқылы Қазақстан ғана емес, көптеген шет мемлекеттерге кеңінен танылды. Бүгінгі таңда «Абай жолы» эпопеясы әлемнің 116 тіліне аударылған.

Арман Марқа

Осы айдарда

Back to top button