МерекеТОП

Абай және Шәкәрім. Ұлылар үндестігі

Облыс орталығында «Абай және Шәкәрім. Ұлылар үндестігі» атты конференция өтті.

Аталмыш іс-шара еліміздің мерекелік күнтізбесіне енген «Абай күніне» және ақын шәкірті, аудармашы, тарихшы, сазгер, философ Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 165 жыл толуына арналды, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Конференцияның мақсаты ұлы ақын шығармаларын бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне пайдаланып, өшпес мұрасын дәріптеу.

-Бүгінгі күн біз үшін ерекше. Себебі, ұлтымыздың кемеңгері ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының бай мұрасын ұлықтайтын күн. Шараны «Абай және Шәкәрім. Ұлылар үндестігі» деп өткізуді жөн көрдік. Өйткені ұлы ақынның  бас шәкірті Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 165 жыл толды. Ол Абайдың ізін, ақындығын, пәлсапалық, сазгерлігін жалғаған тұлға, -дейді С.Аманжолов атындағы ШҚУ профессоры, филология ғылымдарының докторы Айжан Картаева.

Сонмыен қатар ол «Жаңа ғасырдағы Абайдың «Толық адам» тағылымы» атты монографиясымен таныстырды.

Айта кетелік, 2020 жылы Абайдың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында 10 тамыз «Абай күі» болып бекітілген болатын.

Ынтымақ Толқын 

Осы айдарда

Back to top button