Қоғам
Абай өлеңін оқып, эстафетаны түрік президенті Режеп Ердоғанға жолдаған тарбағатайлық оқушы Байжігіт Байкүбеновке Түркия елшілігінің өкілдері келді.
Тұғыл ауылына елшілік жаныңдағы білім бөлімінің басшысы Абдулмуталиб Четин мен Түркиядағы TRT AVAZ телеарнасының басшысы Мехмед Захид келді. Қонақтар мектеп оқушыларына сыйлықтар беріп, жағдайы төмен 30 үйге азық-түлік таратты.