ЖаңалықтарТОП

Абай облысында ормандағы өрт оқшауланды

Семей орманы табиғи резерватының аумағындағы табиғи өрт оқшауланды.

Бұл туралы ақпарат ҚР Төтенше жағдай министрлігінің ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды Didar ақпарат.

– 2023 жылғы 14 маусымда сағат 21:00-де әуеден барлау және жедел жағдайды бағалау қорытындысы бойынша Абай облысындағы Семей орманы табиғи резерватының аумағындағы табиғи өрттің оқшауланғаны жарияланды. Бұл ретте қалыптасқан жағдайды ескере отырып, негізгі күш-жігерді жергілікті жану ошақтарын сөндіруге және жаңаларының пайда болуына жол бермеуге шоғырландыру үшін күштер мен құралдарды қайта топтастыру жүргізілді, – делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.

Өрт толық жойылғанға дейін оқшауланған  ошақтардың орындарына үнемі су төгу, сондай-ақ өрттің шетін топырақпен толтыру секілді шаралар жүзеге асырылады.

Осы айдарда

Back to top button