Қоғам

Абай облыстық мәслихатының алғашқы сессиясы

Президент Жарлығымен құрылған Абай облысының мәслихат хатшысы сайланды.

Кеше Семей қаласында өткен Абай облыстық мәслихатының алғашқы сессиясында депутаттар бірауыздан Қуаныш Сүлейменовті мәслихат хатшысы етіп сайлады.

Қуаныш Серқазыұлы 1973 жылы бұрынғы Семей облысының Шар қаласында туған. Ол Семей мемлекеттік университетінің тарих факультетін бітірген. Кейін оқуын Қазақ мемлекеттік заңгерлік академиясында, Семейдегі Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетте «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» мамандығы бойынша жалғастырып, ауыл шаруашылығы ғылымының магистрі атанған. Осы уақытқа дейін «Шалабай» ЖШС-нің бас директоры қызметін атқарды.

Сондай-ақ сессияда мәслихаттың тұрақты комиссияларын құру, олардың мүшелерін, төрағаларын сайлау, мәслихат аппаратының құрылымы мен штатын, ережесін бекіту туралы мәселелер қаралды.

 Ержан Кеңесұлы  

Осы айдарда

Back to top button