Спорт

Абай колледжі чемпион

Өскеменде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында тоғызқұмалақтан Ұлттық спорт лигасының турнирі өтті.

Командалық жарысқа Өскемен мен Семейдің оқу орындарынан жасақталған сайыскерлер қатысты. Атап айтсақ, Өскемен көпсалалы технологиялық колледжі, Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі, С.Аманжолов атындағы ШҚО жоғары колледжі, Семей гуманитарлық-экономикалық колледжі, тағы басқалар.

Тартысты өткен бәсекелердің қорытындысы бойынша Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі чемпион атанса, жүлделі екінші орын С.Аманжолов атындағы ШҚО жоғары колледжіне бұйырды. Ал Өскемен жоғары медициналық колледжінің тоғызқұмалақшылары қола  жүлдегер атанды.

Жарысты бастан-аяқ қадағалап, әділ төрешілік еткен қазылар алқасының құрамында Асқар Рамазанов, Досжан Сүйінбаев қатарлы білікті мамандар болды.

Осы ретте бас бәйгені жеңіп алған Абай атындағы колледждің командасы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында тоғызқұмалақтан өтетін Ұлттық спорт лигасының республикалық кезеңіне берілетін жолдамаға ие болғанын айта кету керек.

Бұл жолы Семейдегі гуманитарлық-экономикалық колледждің командасы командалық бесінші орынға табан тіреді.

Мұрат Оқасов,

Қазақстан Республикасы ұлттық дәрежелі төрешісі

 

 

 

Осы айдарда

Back to top button