Қоғам

Абай елі өзгелерге үлгі болу керек

Абай елі өзгелерге үлгі болу керек


Абай ауданында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға байланысты дөңгелек үстел өтті. Жиында сөз алған аудан әкімінің міндетін атқарушы Бауыржан Тәттібеков сыбайлас жемқорлық қылмысы туралы кеңінен мағлұмат беріп, түсіндіру арқылы халықтың көкейінде жүрген сауалдарына нақты жауап берді.
-Елбасымыз өзінің Жолдауында Қазақстанның мемлекеттілігін нығайту жолындағы стратегиялық маңызды мәселелерді айқындап берді. Онда қоғам мен мемлекетті түбегейлі қайта өзгертуге, жаңғыртуға бағытталған бес негізгі басымдылықты көрсетті,-деді Бауыржан Тәттібеков,- бұл құжатта маңыздылығы жөнінен айрықша көтерілген мәселе, сыбайлас жемқорлықпен күреске айрықша мән берілген. Сыбайлас жемқорлық мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендететіні рас. Басқа емес, ұлы Абайдың елі осындай қылмыс түрімен күресіп, үлгі болуымыз қажет. Көңілге демеу болатыны мұндай қылмыс біздің ауданымызда мүлде тіркелген жоқ. Ең бастысы-адамдардың адалдық, еңбекқорлық сияқты қасиеттеріне нұқсан келтірмеуіміз керек.

Аудандық «Нұр Отан» партиясы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссиясының мүшесі, аудандық «Абай елі» басылымының бас редакторы Нұржан Байтөс:

Кейінгі кезде еліміздегі лауазым иелерінің, қоғамдық және саяси қайраткерлердің парақорлығы көлеңкелі қылмыстың өршуіне әкеліп отыр. Бұған жол бермес үшін халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруымыз қажет, – десе, Абай ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімінің басшысы Нұргүл Сағындықова: – жемқорлықпен күресу үшін жастарымызды, әсіресе мемлекеттік қызмет жолын таңдайтын болашақ ұрпақты Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеп, адамдарды және дәстүрлерді құрметтеуге, білім мен еңбекке ұмтылуға, көргенділік пен адалдыққа бағыттау қажет, – деген ойын жеткізді.

Жиын барысында аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Сырым Рахымжанов және тағы басқалар баяндама жасады. Абай ауданы бойынша қоғамдық кеңес төрағасы Төлеубек Аманғазы көптеген проблемаларды ортаға салды.

сонымен қатар, дөңгелек үстелде облыстық талдау және болжау институтында бөлім басшысы Аяужан Әшімова, аудан әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы Роллан Слямханов, облыстық қоғамдық кеңестің қоғамдық келісім бойынша сараптамалық жұмыс тобының жетекшісі Геннадий Пуссеп және тағы басқалары өздерінің ойларын ортаға салды.

Раушан Нұғманбекова
Абай ауданы.

Осы айдарда

Back to top button