Абай елі біз үшін қымбат
Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының 22-ші сессиясында Алғыс айту күнін атап өтуді ұсынған болатын. 2016 жылдың қаңтарында ҚХА құрылған күн – 1 наурызда Алғыс айту күнін мерекелеу туралы Жарлыққа қол қойды.
Бұл – қоныс аударушыларды туғаны ретінде қабылдап, қайырымдылық көрсеткен қазақтарға деген өзге этностардың алғыс айтуы күні.
Украиндар да соғыс кезінде аштықты бастан кешірді, жақындарынан айырылды. Сол жылдары Қазақстанға келген халықтарға ауыртпалықтан өтуге тура келді. Бірақ олар қиындықтан қорықпады. Жеңісті жақындату үшін күндіз-түні еңбек етті.
Қазақтардың украиндарға жанашырлық пен құрмет көрсеткені үшін әрдайым ризамын. Бөтен адамға тамақ пен баспана беру – үлкен қамқорлық. Қазақстанда украиндар украин, немістер неміс, корейлер корей сияқты өмір сүре алды. Әр этнос қазақтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпына құрметпен қарайды. Бірақ өз өмір сүру салтын, мәдениетін, тілін сақтап қалды. Маңыздысы – қазақтар бізге нанмен ғана көмектескен жоқ, біздің этнос ретінде өмір сүруімізге мүмкіндік берді.
Мен өз отбасыммен Семейде, бізді асырап, өсіріп отырған жерде бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп жатырмын.
Жуырда Семей Достық үйінің «Мрія» украин мәдени орталығы украин ақыны Леся Украинканы еске алу әдеби кешін өткізді. Осындай іс-шаралар бізде жиі болып тұрады. Мәселен, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Тарас Шевченко Қазақстанда» танымдық сағаты өтті. Оған жастар қанатының белсенділері, колледж студенттері қатысты.
«Мрія» орталығы «Мектепке жол» қайырымдылық шарасына жыл сайын белсене атсалысады. Березовский ауылындағы орта мектептің балаларына қажет 40 комплект жинап, директордың орынбасары Ақмарал Браунға тапсырдық. Жақында Достық үйінде Алғыс күніне арналған «Бір шаңырақ астында!» дөңгелек үстелі өтті. Абай өлеңдерін оқып, әндерін орындадық. Біз үшін Семей, Абай елі әрқашан қымбат! Қазақ халқына алғысымыз шексіз!
Татьяна Вагнер,
«Мрія» украин орталығының жетекшісі
Семей.