Қоғам

9,5 мың адам шипажайда емделді

Өткен жылы өңірдегі шипажайлар мен медициналық оңалту орталықтарына дертіне шипа іздеп 9,5 мың адам келген.

Былтыр облыстың алты аймағында жұмыс істейтін шипажайлар мен медициналық оңалту орталықтарының саны 2019 жылмен салыстырғанда бір мекемеге азайған. Олардың қатарында алты шипажай, сондай-ақ пантымен емдеу және басқа да емдеу-сауықтыру қызметтерін көрсететін төрт ұйым бар. Бүгінгі күні облыстағы шипажайлардың 80 пайызы жекеменшік басқаруда болса, қалған 20 пайызы мемлекеттің меншігінде.

Коронавирустық пандемияға байланысты жарияланған шектеулерге қарамастан, өткен жыл мұндай ұйымдар үшін біршама табысты болды. Атап айтсақ, былтырғы маусымда мұндай ұйымдарға дертіне шипа іздеп 9,5 мың адам келген. Ал емделушілердің басым бөлігін әйел азаматшалар құраса, бір пайызы шетел азаматтары болды. Жыл соңына қарай ұйымдарда 773 төсек-орын әзірленіп, келесі маусымға дайындық пысықталды.

Азамат Темірбеков

Осы айдарда

Back to top button