Қоғам

«91» тобы жайлы не білесіз?

Миллиондаған жанкүйерлердің жүрегін жаулаған Q-pop бағытындағы алғашқы қазақстандық «91» тобы жайлы не білесіз? Бұл топты неге жастар жақсы көреді? Топтың  аты неге 91? Қандай хит әндері бар?

 Топ  2015 жылы «Айыптама» әнімен дебют жасап, өздерін таныстырды. Топтың бас продюсері – ORDA тобының мүшесі Ерболат Беделхан. Ән көптеген музыкалық чарттардан алғашқы орындарды иеленіп, бейнебаяны мен топ мүшелерінің сырт келбеттері адамдардың қызығушылықтарын тудырды. Ары қарай, шығарылған күні-ақ хит болған мини-альбомдар мен синглдер халық назарына  ұсыныла бастады. Бейнебаяндар YouTube желісінде көп қаралымдар жинап, 120 елдің музыкалық чарттарында бой көрсетті.

Топтың «NINETY ONE» деп аталуын топ мүшелері Қазақстанның   1991 жылы  тәуелсіздік алуымен түсіндіреді. Топ бұл арқылы өздерін де, өз музыкасының, стилінің тәуелсіз екенін көрсеткісі келді. «Ninety One» тобы құрылған сәттен бастап, сыртқы келбеттеріне сын айтушылар саны көп болды. Топтың алғашқы бейнебаянына әлемнің 120 мемлекеті назар аударып, 50-ден астамы видеореакция түсіріп, өнерлерін мойындағанымен, Қазақстанның орта буыны қабылдамады. Мәселен, «Жігіттер» тобының мүшесі Бағлан Әбдіраймов, Асхат Тарғын, Заттыбек Көпбосынов, Төреғали Төреәлі сияқты өнер адамдары топқа қарсылықтарын білдірді. Ал Роза Рымбаева, Алтынбек Қоразбаев, Тұрсынбек Қабатов cынды әртістер мен өнер жолындағы жас буын топты қолдап шықты. Сондай-ақ Шымкент, Ақтөбе, Қызылорда және Қарағанды қалаларында ұйымдастырушылардың жауапкершілігінің төмен болуына байланысты топтың жеке концерттері болмай қалды. Шымкент және Ақтөбе қалаларында концерттерінің болмай қалуының себебі оған аға буын өкілдері қарсы шыққан болатын. 2020 жылы «Ninety One»-дықтарға Беделхан жеке шығармашылықты өрбітуге ресми түрде рұқсатын берген еді. Ең бірінші дебют алған топтың көшбасшысы A.Z. Азаматтың алғырлығынан болар, аздаған уақыт ішінде алғашқы альбомының да тұсауын кесіп үлгерді. «Альбомның ішіне әзірге сегіз өлеңімді жүктеп қойдым. Толықтай емес. Тағы да бір сегіз өлеңім бар. Олар кейін шығады. Бұл жеке ән жинағымда түрлі жанрдағы әндер бар», – деді A.Z. Ән қоржынын жеке орындауындағы әуенмен әрлеуді әдетке айналдырған тек Азамат емес. ZaQ та топтан бөлек жиі сахнаға шығып жүр. Дулатқа жалғыз өнер көрсеткен ұнаса керек, бұл кеште A.Z-дің ізін суытпай ол да алғашқы туындысын ұсынды. «Мен әзірге альбомды әзірлеу үстіндемін. Сол үшін бүгін шет жағасын көрсеткім келді. Негізі жалпы дайындық жақсы. Қарқынды жүріп жатыр. Алдағы уақытта көрсетемін деп ойлаймын», – деді ZaQ. Алғашқыда бірінен соң бірі сахнаға бөлек шыққан жігіттерді топтан кетті деп ойлады жұрт. Алайда A.Z мен ZaQ жеке шығармашылықтарын өрбітуге белсенді кіріскенімен ұжымдағы жұмыстарын ұмытқан емес. Бірақ тоқсан бірдің өзге орындаушылары әріптестеріне ренжулі көрінеді. Иә, бұл жігіттердің жай ғана қалжыңы еді.

 Айдана Смаилова, студент

Осы айдарда

Back to top button