Қоғам

«85 техника мен 150 адам қай жерде тығылып отыр?»

Толассыз жауған қар, толассыз қойылған сауал. Өскемендіктер әлеуметтік желіде қардың тазаланбай жатқанын айтып дабыл қағып жатыр. Он сегіз сағат бұрын қала әкімдігі былай деп жазды:

«3 ақпан сағат 22:00-ден бастап қала көшелерінің қары тазаланып жатыр. Қар күреуге 85 техника мен 150 адам жұмылдырылған».

https://www.instagram.com/p/CK3bVHwh5lI/?utm_source=ig_web_copy_link

Дәл осы жазба бейнероликпен тұр. Ал жазылған пікірлерді ашып қалсаңыз, күлкіге қарық боласыз. «Сол жақ жағалау кедір-бұдыр болып жатыр. Көзбояушылық қой!» – деп қынжылады Дана Балпаева.
«Роликте шынымен Өскемен бе?» деп таңырқайды Вадим Кухтенко.
«85 техника мен 150 адам қай жерде тығылып отыр?» – деп мысқылдайды Николай Кочетов.
«Роликті әдемі түсіріпсіздер», – дегенді Мұрат Масақбаев жазыпты.
Дәл осы жазбаға 21 адам пікір білдірген. Сол 21 пікірдің барлығы да әкімдіктің «басынан сипамапты». Неге?

Балауса Мэлсқызы

Осы айдарда

Back to top button