Қоғам

75 пайызы қазақ тілінде тапсырған

Ұлттық тестілеу орталығы негізгі ҰБТ-ның аралық қорытындысын жариялады.

Дереккөзінің хабарлауынша, негізгі ҰБТ басталғалы бері елімізде 130 мыңнан астам талапкер тест тапсырған. Оның ішінде түлектердің 75,7 пайызы қазақ тілінде, 24,1 пайызы орыс тілінде, 0,1 пайызы ағылшын тілінде сынақтан өткен.

Белгілі болғандай, биылғы ұлттық бірыңғай тестілеуде шекті балды 67 пайызға жуық талапкер жинапты. Орташа балға келетін болсақ, ол 65 ұпайды құрады.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар талапкерлердің тестілеуді ыңғайлы тапсыруы үшін сынақ уақыты 40 минутқа ұзартылды.

«Қабылданған шаралар арқасында ерекше білім беру қажеттіліктері бар тест тапсырушылар саны артты. Егер 2021 жылы негізгі ҰБТ-ға 90 бала қатысса, биыл төрт апта ішінде тестілеуден ерекше білім беру қажеттілігі бар 415 талапкер өтті. Жалпы, негізгі ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысу жөнінде 290 мыңға жуық өтініш келіп түскен», – делінген хабарламада.

Сәрсен Қабылым

Осы айдарда

Back to top button