62 аула абаттандырылмақ

Облыс әкімі Даниал Ахметовтің тапсырмасымен Семейде аулаларды көркейту жұмыстары қолға алынды. Соның ішінде Мамай батыр, 92 және қустанай, 79 көшесіндегі көппәтерлі үйлерде тұратын отбасылар үшін «Менің аулам» бағдарламасының орындалуы күтпеген қуаныш болды.
Тұрғындар аулаларына жиналып, облыс әкімі Даниал Ахметовті құрметпен қарсы алып, ізгі тілектерін білдірді. ПИК төрайымы Ділдә Желдібаева аулаларына бейнебақылау камераларын да орнатқандықтарын айта кетті.
-Елбасымыз биылғы Жолдауында халықтың әл-ауқатын арттыруды тапсырып отыр, біз бұл міндеттерді орындауымыз қажет. Балалар ойнайтын алаңдар, ақсақалдар бас қосатын орындар болуы қажет. Міне, 100 шақты көшет отырғыздық деп жатыр, бұл – игілікті іс. Енді Семейдің сыртындағы аралды демалатын орынға айналдырамыз. Бейнебақылау камералары бар аулалар Өскеменде де, Семейде де болады, – деді Даниал Ахметов.
Айта кету керек, облыс әкімінің тапсырмасы бойынша қаладағы алғашқы 9 ауланы жөндеу үшін 611 миллион теңге қарастырылған. Қазір 405 миллион теңге 6 аула үшін берілген. Үш ауланың жобалық-сметалық құжаттары дайындалуда.
– «Менің аулам» бағдарламасы үш жылға негізделген. Осы үш жыл ішінде қалада 62 ауланы жөндеу көзделіп отыр,-деді қала әкім Ермак Сәлімов,-жөнделетін аулалар комиссия арқылы таңдалып алынды. Басты талап – ауланың кең аумағы және ПИК болу керек. Қариялар демалатын орындар, балалар ойнайтын алаңқайлар, баскетбол, волейбол, футбол алаңдары, ауланың жарықпен қамтылуы сияқты көптеген маңызды дүниелер осының ішіне кіреді.

Семейдің «Семейді қазіргі әлеуметтік жағдайын облыс әкімі оң бағалады. Еліміздегі ең көрікті қала қатарына қосамыз», – деді облыс басшысы.
– Семейдегі мемлекеттік медицина университетінде білікті мамандар даярланады, – деді Даниал Ахметов,-еліміз бойынша Шығыста ғана бүкіл медицина халықаралық стандартқа сай жабдықталып отыр. Өмір сүру сапасын жақсартудың бір көрінісі осы. Тұрғындар жағдайларының жақсарғандығын әрдайым сезінетін болады. Семейдегі жедел медициналық жәрдем ауруханасында келер жылдан бастап операция жасалатын гибридті зал жұмыс істейді. Мұндай операция жасайтын зал ТМД елдерінде де, Ресейде де жоқ. Сырқат адамдар операция жасату үшін енді Ресейге ағылмайды. Керісінше бізге қарай ағылатын болады. Аягөз қаласында Инсульт орталығын аштық. Зырян қаласында да, қазіргі атауы Алтай, медицина саласы дамып келеді. Ал енді білім саласына келсек, «Нұр Отан» партиясының съезінде 2020 жылға дейін еліміз бойынша 1000 ІТ сыныптар ашылуы керек деген тапсырма берілді. Біздің облыста әр мектеп бойынша толықтай жабдықталған ІТ сыныптар бар. Олардың деңгейі жоғары, біз роботтехникасы сыныптарын бағдарлау сыныптарымен біріктірдік. Семейдегі электротехникалық колледж ұжымы бағдарламаны өздері жасап шығарды. Білім және ғылым министрлігі бұл бастаманы құптады. Келер жылы облыстың 655 мектебінде ІТ сыныптар толық жұмысқа кіріседі.
Облыс әкімінің айтуынша, Бейбітшілік аралы, экологиялық саябаққа айналмақ.
Раушан Нұғманбекова
Семей.