ҚұқықҚылмысТОП

6 млн теңгеден астам қарызын төлеуден жалтарған

Өскемен қалалық көші-қон қызметінің қызметкерлері  алты миллион теңге несие қарызын төлемей жүрген 43 жастағы әйелді ұстады. Жеке сот орындаушысының қаулысы бойынша келіншек алты айдан бері  несие корпорациясының қарызын төлеуден жалтарып жүр.

Іздестіру іс-шаралары барысында борышкер облыс аудандарының бірінен табылды. Әйелдің не себепті несиесін төлемей жүргені белгісіз. Қарызды өндіріп алумен сот орындаушылары айналысады.

– Жыл басынан бері облыстық полиция департаменті 80-астам борышкерді анықтады. Атқарушылық құжатты орындамағаны үшін борышкер ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады, сондай-ақ ҚР ҚК-нің 139-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік те қарастырылғанын ескерткіміз келеді, – деді ведомствоның баспасөз хатшысы Қаракөз Әбенова.

Кәмал Естай

Осы айдарда

Back to top button