Қоғам

500-ден астам адамға көмек көрсеткен

 Облыстағы автожолдардың қар құрсауында қалуы мүмкін бөліктерінде төрт медициналық-құтқару пункті жұмыс істейді. Бұл жөнінде облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Пункттердегі дәрігерлер мен құтқарушы мамандардың көмегіне көбінесе қыс маусымында қиын жағдайда қалып қойған адамдар жүгінеді. Құзырлы мекеменің хабарлауынша, 2013 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан пункттер қазіргі уақытқа дейін 500-ден астам зардап шеккен адамға көмек көрсеткен екен.

«Кезекшілік ететін бес адамның әрқайсысына жүктелген өз міндеттері бар. Мысалы, диспетчер зардап шегушілермен байланыста болса, құтқарушылар апаттық жағдайда қалған адамдарды алып шығады, дәрігерлер алғашқы медициналық көмек көрсетіп, қажет болған жағдайда жақын маңдағы емдеу мекемелеріне жеткізеді. Медициналық-құтқару пункттері жасақталған уақыттан бері мұнда 1511 адам өз еркімен жүгінген көрінеді. Басы айналып, жарақат алған, иіс тиіп, денесі күйген адамдарға алғашқы медициналық көмек көрсетілген. Қыс маусымында бұл жерлер жылыту пункттері ретінде де қолданылады. Боран-шашында қалып қойған жолаушылар қолайсыз ауа райы басылғанша осында күтулеріне болады», – делінген облыстық ТЖД баспасөз хабарламасында.

Автожолдардағы медициналық-құтқару пункттері келесі мекенжайлар бойынша орналасқан: 

Атауы Орналасқан мекенжайы Байланыс телефоны
«Привольное» «Өскемен-Семей» тасжолының 85-ші шақырымы. Ұлан ауданының Привольное ауылының маңы 8 (7232) 31-446
«Жарма» «Алматы-Өскемен» автожолының 889-шы шақырымы. Жарма ауданының Аршалы кентінің маңы 8 (72347) 40-814
«Семеновка» «Омбы-Майқапшағай» автожолының 634-ші шақырымы. Бесқарағай ауданының Қарабас ауылының маңы 8 (72236) 22-929
«Семей» «Омбы-Майқапшағай» автожолының 825-ші шақырымы, Жарма ауданының Суықбұлақ кентінің маңы 8 (72347) 67-803

Азамат Темірбеков

Осы айдарда

Back to top button