Қоғам

44 айыппұлы бар жүргізуші ұсталды

Ағымдағы жылдың 1-7 қыркүйек аралығында облыс аумағында «Айыппұл төле» жедел алдын алу іс-шарасы өткен болатын. Іс-шара барысында тәртіп сақшылары бір өзінде 44 өтелмеген айыппұлы бар жүргізушіні анықтап, жауапқа тартты.

Полиция департаментінен хабарлағандай, акция кезінде әкімшілік полиция қызметкерлері прокуратура мен жеке сот орындаушыларын тарта отырып, борышкерлер мен жол қозғалысы ережелерін қасақана бұзғандарды анықтаған-ды.

Белгілі болғандай, жедел алдын алу іс-шарасының алғашқы екі күнінде-ақ тексерушілер борышкерлерден екі миллион теңгеден астам қаражатты өндіріп алды.

– Іс-шара аясында мамандандырылған тұраққа 15 автокөлік қойылды. Сондай-ақ акция кезеңінде жалпы сомасы 700 мың теңгеден асатын 44 өтелмеген айыппұлы бар жүргізуші анықталды, – дейді облыстық ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Ернар Базаров.

Осы ретте, полицейлер облыс тұрғындары мен қонақтарына берешектері уақтылы өтелмеген жағдайда айыппұл салу туралы қаулы мерзімінде мәжбүрлеп орындатуға жіберілетінін ескертеді.

 

Сәрсен Қабылым

Осы айдарда

Back to top button