Қоғам

40 велошабандоз өзара мықтыны анықтамақ

40 велошабандоз өзара мықтыны анықтамақ


Өткен демалыс күндері Өскемендегі Комсомол аралында дәстүрлі «Қазақстан үміті» велобәйгесі басталды. Осымен үшінші рет өткізіліп отырған жарысқа еліміздің бірнеше облысынан, сондай-ақ, Ресейдің Омбы, Новосібір қалаларынан келген ұзын саны 40 жас спортшы қатысуда.

Айта кетейік, қазақстандық және ресейлік жастар мен жасөспірімдердің басын қосатын жарыс Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық денешынықтыру ғылыми-тәжірибелік орталығы, сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің бастамасымен өткізіліп келеді.

Биылғы велобәйгеге ресейлік қонақтардан бөлек, Алматы, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстары мен Өскемен, Семей қалаларының құрама командалары қатысып, өзара мықтыны анықтауда.

Облыстық ақпарат орталығынан хабарлағандай, өскелең ұрпақ арасында салауатты өмір салты мен велоспортты насихаттауды мақсұт еткен жарыс нәтижелері бойынша жастар мен жасөспірімдердің ел құрамасы жасақталатынын болады.

10 күнге созылатын жарыс барысында жас велошабандоздар облысымыздың бірнеше ауданының жолдарымен жүріп өтпек. Велобәйгенің алғашқы күнінде спортшылар Шешек асуы – Бестерек ауылы (Ұлан ауданы) – Шешек асуы бағытындағы 80 шақырымдық жолды артқа тастады. Айта кетерлік жайт, «Қазақстан үміті-2017» жарысы аясында велошабандоздар командалық сайыстармен қатар, 20 және 100 шақырымдық жекелей сындарда да өнер көрсететін болады. Жарыс 15 шілде күні 50 шақырымға созылатын критериум жарыспен аяқталмақ.

Нұржан Кенжеұлы

Осы айдарда

Back to top button