Үлкен теннистен облыс орталығында өткен халықаралық “Kazzinc Onep W15” турнирінің бірінші кезеңі аяқталды.
“Smash” орталығында өткен жарыста 15 елдің спортшылары бақ сынады, деп хабарлайды Didar ақпарат.
Тамыздың 7-сі мен 12-сі аралығанды өткен халықаралық әйелдер турнирінде ел спортшылары жақсы нәтиже көрсеткен. Ал финалдық ойынға шыққан Аружан Сағындықова жапон елінен келген қарсыласымен Кушиши Аюмимен сынға түсіп, 0:2 есебімен есе жіберді.
-Бүгінгі жарыс өте жоғары деңгейде өтті. Қарсыласым менен қарағанда әлде қайда тәжірибелі. Жарыс басталғанда сәл қобалжып қалдым. Алайда жеңіс үшін барымды салдым. Бүгінгі жетістігім кәсіби манасбымдағы ірі жетістіктердің бірі десем болады, -дейді теннисші Аружан Сағындықова.
Ынтымақ Толқын