28 үйдің құрылысы биыл аяқталады
Өткен жыл өңіріміз үшін табысты болды. Көптеген салалар жылды жемісті қорытындылады. Сондай саланың бірі – құрылыс.
2015 жылы аймақта жалпы көлемі 532, 53 мың шаршы метрді құрайтын 81 көппәтерлі үйдің құрылысы жүргізілген көрінеді. Бұл дегеніңіз – 6 497 пәтер. Соның 39-ы былтыр пайдалануға берілсе, көлемі 206, 645 шаршы метрді құрайтын 28 үйдің құрылысы 2016 жылға шегерілген екен. Ал 2017 жылы 42 үйді пайдалануға беру жоспарланған.
– Өңірдегі құрылыстардың дені Елбасының Жолдауын жүзеге асыру аясында шығысқазақстандықтардың әл-ауқатын жақсарту мақсатында салынып жатыр. Біз құрылысты мүмкіндігінше сапалы әрі дер кезінде аяқтауға тырысып келеміз, – дейді облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Мәди Отарбаев.
Сонымен қатар, былтыр өңірде құны 12,6 млрд. теңгені құрайтын әлеуметтік-мәдени маңызға ие 64 нысанның құрылысы жүргізілген. Оның 46-сы өткен жылы пайдалануға берілсе, 18-і биыл аяқталады деп жоспарланған.
Шығыс-Ақпарат