Жәрдемақы кімдерге тағайындалады?
– Елімізде мүгедектігі бойынша жәрдемақы кімдерге тағайындалады?
Бақытжан Қайсарова Катонқарағай ауданы.
Сіздің сауалыңызға «Азаматтарға арналған үкімет» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Азамат Есембулов жауап берді:
– Мүгедектігі бойынша жәрдемақы ел аумағында тұрақты тұратын мынадай санаттағы ел азаматтарына тағайындалады:
- Жалпы ауру, жұмыс барысында мертігу, кәсіптік аурудан мүгедек болған аурулар;
- Жеті жасқа дейінгі мүгедек балалар;
- 7-ден 18 жасқа дейінгі бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедек балалар;
- Бала кезінен мүгедек адамдар;
- Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер қатарындағы мүгедек адамдар;
- Әскери қызметшілер (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, ішкі істер органдарының және Қазақстан Республикасының бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитетінің басшы және қатардағы құрамының адамдары қатарындағы мүгедек адамдар;
- Төтенше экологиялық жағдайлар, оның ішінде ядролық жарылыстар мен сынақтар жүргізу кезіндегі радиациялық әсер ету және олардың салдарынан мүгедек болған адамдар.