27 жоба іске асады

Ауданда шағын кәсіпкерлік бағытына зор мән беріліп отыр. Қазір өңірде 2170 жеке кәсіпкер бар. Негізінен ауыл шаруашылығы саласында мал өсірумен айналысатындықтан, басты мәселе өндірген өнімді ұқсата білу мақсаты басты орында тұр.
Осы бағытта бірқатар шаруалар қолға алынып та жатыр. Мәселен, «Eurasia Agro Holding» ЖШС салатын ет комбинаты құрылысының инженерлік инфрақұрылымын дамытуға «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен қаржы бөлінді. «Аграрлық несие қоры» АҚ Аягөз несие серіктестігі арқылы тоғыз шаруа қожалығы 105 млн. 426 мың теңге алды. Ауыл шаруашылығын қолдау қоры арқылы 2017 жылдың қазан айының қорытындысы бойынша 301 млн. 786 мың теңге несие алынды.
Жалпы, биылғы жылы шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында 27 жоба іске асады деп жоспарланған. Оның ішінде өз қаражатына 16 жобаны іске асыруда 53 адам жұмыспен қамтылады. Ал ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы 11 жобаны іске асырушы кәсіпкерлер тағы да 16 адамды жұмыспен қамтуды қарастыруда.
Берікхан Тайжігіт
Аягөз ауданы.