27 мыңнан астам шығысқазақстандық таңдау жасады
«Nur Otan» партиясының праймеризіне қатысушы үміткерлерге онлайн дауыс берудің екінші күнінде 27 мыңнан астам шығысқазақстандық өз таңдауларын жасап дауыс беріп үлгерді.
«Праймериз бойынша дауыс беру 1 қазан күні сағат 00:00-де басталды. Дауыс беру 3 қазанға дейін жалғасады. Сонымен қатар, соңғы күні сайлау учаскелері ашылатын болады, оған онлайн режимінде дауыс бере алмаған адамдар қатысады. Сондай-ақ жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етілмеген өңірлерде дауыс беру қағаз бюллетеньдер арқылы өтеді.
Бүгінгі таңда онлайн режимінде 27 000 адам дауыс берді, бұл 54% құрайды, сайттың шамадан тыс жүктелгеніне қарамастан жалпы сайлаушылардың белсенділігі өте жоғары. Праймеризге барлығы 1054 кандидат ұсынылған, қазіргі уақытта 923 адамға дауыс беру жүргізілуде, олар барлық пікірсайыстар мен үгіт-насихат кезеңінен сәтті өткен үміткерлер- деді «Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облысьтық филалы төрағасының орынбасары Олег Чугунков.
Жалпы Шығыс Қазақстан облысы бойынша дауыс беру үшін primaries.kz порталы арқылы 40 мыңнан астам партия мүшесі тіркелген.